
Атырау облыстық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 19 қызметкер, 5 техника және 6 жүзу құралы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған. Сондай-ақ полиция департаментінің 8 қызметкері, 3 техника және 1 жүзу құралы да қосылған.
«Оқиғаның мән-жайын анықтап, жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.
Жасөспірім 17 жаста, дзюдомен айналысып, жарыстарға қатысып, болашағынан үлкен үміт күттірген.