Алматы • 07 Мамыр, 2025

Алматының жас жазушысы анықталды

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, көрнекті жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Алматы­ның жас жазушысы–2025» байқауы аяқталды.

Алматының жас жазушысы анықталды

Бұл байқау – С.Бегалиннің бай шығармашылық мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттап, балалар әдебиетінің болашағына ерекше мән берудің жарқын көрінісі. Қазақстан Жазушылар одағы, «Өр­кен» балалар әдебиетін дамытуға жәр­дем­десу қоғамдық қоры және Алматы қаласы кітапханалар желі­сі­нің ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған бастама – еліміздегі жас қалам­герлердің шығармашылық әлеуетін көтеруге бағытталған елеулі қадам.

Байқау екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде қатар жарияланған болатын. 9-11 сынып оқушылары С.Бегалиннің «Алданған жолбарыс» және «Жас бұтақ» деген екі әңгімесі бойынша эссе жазды. Барлық қатысу­шылар үшін байқау талабы былай басталады: кітапханаға келген оқырманның қолына Бегалиннің әңгімелері жинақталған кітап түседі, ол кітапты бас көтермей оқи бастайды, дәл осы мезгілде ауа райы күрт бұзылып, нөсер жаңбыр құйып, найзағай жарқылдап, жарық сөнеді. Кенет, міне, ғажап, қолына телефон ұстап, ЖИ өнімін тұтынып жүрген бүгінгі жасөспірім бала өткен ғасырдың 20-60 жылдарына, Сапарғали Бегалиннің әңгімелерінде суреттелетін өмір мен оқиғаларға тап болады. Уақыт шеңберінен шы­ғып кеткен қиял-ғажайып саяхат сапарында жасөспірім оқушы шығарма кейіпкерлерімен танысып, оларға шыққан тегін, немен шұғылданып, нені құндылық санайтынын, бұл ортаға қалай тап болғаны туралы айтып, көмекке мұқтаждығын біл­ді­реді. Өз оқиғасын өзінше өріп, өрбітуге тиіс қатысушыларға интернет көмегіне жүгінуге тыйым салынды, керісінше, шектеусіз қиял әлеміне еркін бойлап, уақыт жігін аттап өткен таразы пайым шынайы ширатылғаны құпталды.

«Өркен» балалар әдебиетін дамы­туға жәрдемдесу қоғамдық бір­лестігі алдағы уақытта аймақ шеңберінен шы­ғып, «Қазақстанның жас жазушысы» рес­публикалық байқауын ұйымдас­тыруды жоспарлап отыр. Ал Алматы қаласының жас оқырмандарының қатарын толықтыра беру үшін «Өркен» мен қалалық орталықтандырылған кі­тап­ханалар жүйесі түрлі тапсыр­малардың көмегімен балалардың ынтасын оята беруге ниетті.

– Мысалы, барлық отбасы баласына «PlayStation» ойынын сатып алып бере алмайды, сондықтан Алматы кітапханаларының бірінде біз оны тегін ойнай алатын мүмкіндікпен қам­та­масыз еттік,– дейді Мәди Нүсіпбаев. – Бірақ оның да шарты бар: «PlayStation» ойнағысы келетін бала кітапханашы ұсынған кітапты оқып, сұрақтарына жауап берсе, кітапхана абонентін ала алады. Кітапханалар қашан да түр­лі тақырыптар төңі­ре­гінде мазмұн­ды кездесулер өткізіп, қызықты бас­та­ма­лардың ұйыт­қысы болып жүреді, бірақ балалармен жұмысты алға жылжытатын «сиқырлы» кілтін таба алмай, оқуға құштарлығын оята алмай, дәрменсіздік танытатынын жасыра алмаймыз. Сондықтан балаларға байқатпай, олар да бізді байқамай, кітапханаға жиірек келетіндей амал-тәсілдерді бірлесіп іздей беруіміз керек. Балалардың болашағына бейжай қарай алмайтын, олардың өзін шынымен де оқитын елде тұратынын сезінуге мүмкіндік тудырғысы келе­тін барлық кәсіпкерлер мен қоғам­дық белсенділерді біздің жоба­мызға қосылуға шақырамыз, – дейді «Өркен» балалар әдебиетін дамытуға жәрдемдесу қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Мәди Нүсіпбаев.

Әдеби байқау жеңімпаздарына кітап дүкендерінің сертификаттары, кітаптар, ал 1-орын алған екі оқушыға планшеттер табысталды. Қазақ тіліндегі шы­ғар­­­малардың арасында С.Бегалиннің «Алдан­ған жолбарыс» әңгімесі негізінде өз эссесін жазған Абай атындағы дарынды балалар мектеп-интернатының оқушысы Шырайлым Айбекқызы, ал орыс тіліндегі байқауда «Сапарғали Бегалиннің сиқырлы әлеміне саяхат» деген эссесімен №52 орта мектептің оқушысы Ренат Бекқұлов жеңімпаз болып танылды. Ренаттың шығар­масын Қазақстан Жазушылар ода­ғының хатшысы Фархат Тамендаров өзі бас редакторы болып отыр­ған «Простор» журналында жария­­лауға уәде етті. Оқушының өзі бұл бай­қаудың болашақ мамандық таң­дауына әсері болғанын жасырмады.

Бұл байқау әдебиет көкжиегінде жаңа есімдердің танылып, қазақ сөз өнерінің келешек кеңістігіне тың серпін берері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15