Форум • 21 Мамыр, 2025

Білім мен тәжірибе тоғысқан форум

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада тау-кен металлургия саласындағы корпоративтік оқыту құрылымдарының қа­тысуымен халықаралық форум өтті. «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы мұ­рындық болған бұл ауқымды жиын елімізде алғаш рет ұйым­дастырылып отыр. ­Фо­рум Менеджментті дамыту жөніндегі еуропалық қор (EFMD) қауымдастығына мүше корпоративтік университеттер мен кадр даярлау ісімен айналысатын ұйымдардың кәсіби байланысын күшейтіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық платформаға айналды.

Білім мен тәжірибе тоғысқан форум

«Eurasian Resources Group» (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика және логистика салаларын біріктірген әлемдегі аса ірі әрі әртараптандырылған компаниялардың бірі.

Форум корпоративтік оқы­тудың заманауи үлгілері мен инно­вациялық тәсілдерін ортаға салып, көшбасшылықты дамыту мен кадрлық әлеуетті нығайту жолдарын саралауды көздеген. Осы мақ­сатта халықаралық тәжірибелер мен ұтымды әдістер таныстырылып, кәсіби дамудың заманауи трендтері кеңінен талқыланды.

Жиынның негізгі спикерлерінің бірі – EFMD корпоративтік сер­вистерінің директоры доктор Мартин Мерле. Ол EFMD-дің жаһан­дық желісі туралы айта келіп, ERG-дің бастамасы елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында кор­поративтік оқытуды жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. «Біз EFMD қауымдастығында корпоративтік оқытуды дамыту ар­қылы компаниялардың тиімділігін арттыра алатынымызды сан мәрте дәлелдедік. ERG-дің бұл бастамасы – аймақ үшін маңызды серпіліс», деді доктор Мерле.

а

Форумда сөз алған ERG кор­по­ративтік университетінің директоры Валентина Сатарова білімге салынған инвестицияның маңызын айшықтады: «Корпоративтік оқы­ту – кәсіптің сенімді серіктесі. Біз ­ERG-де халықаралық стандарттарға сүйене отырып, адам капиталын тұрақты түрде қаржы құйып келеміз. Біздің жол – даму жолы», деді ол сеніммен.

Аталған компанияның еліміз­дегі бас директоры Серік Шаха­жанов та корпоративтік универ­ситеттің стратегиялық мәнін ерекше атады: «Кейінгі екі жылда 54 мың­нан астам қызметкеріміз оқу­дан өтті. Симуляторлар мен VR, үздік халықаралық платформалар ендірілді. EFMD-ден алған екі бірдей марапат – біздің ұжымдық еңбегіміздің нәтижесі», деді.

ERG елімізде алғаш болып корпо­ративтік оқыту орталығын өзге компаниялар үшін де қолжетімді етті. Топтың бастамасымен бүгінде алты ТКМ кәсіпорнында зерттеу жүргізіліп, ортақ сараптама мен бенчмарк базасы қалыптасып жатыр. Биылдан бастап бұл үрдіс кеңейіп, кәсіби қауымдастық қолдауымен ауқымды жобаға айналмақ.

ERG елімізде алғашқылардың бірі болып корпоративтік оқыту орталығын өзге компанияларға да ашық ұсынды. Топ бастамасымен қазірдің өзінде алты тау-кен метал­лургия кәсіпорнында зерттеу жүргізіліп, ортақ талдау мен салыс­тырмалы бағалау базасы қалыптасып келеді. 2025 жылдан бастап бұл үрдіс кәсіби қауымдастықтың қолдауына ие болып, ауқымды салалық жобаға айналмақ.