Әскер • Бүгін, 10:35

СҚО-да полицейлер қауіпті өрттің алдын алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жол - патрульдік қызметте жүрген полицияның аға лейтенанттары Ғабит Сабитов пен Руслан Қасымов 24 мамыр түнгі сағат бір  шамасында Астраханка ауылының маңынан өтіп бара жатып, бір үйдің төбесінен өрт жалындап жатқанын көреді.

СҚО-да полицейлер қауіпті өрттің алдын алды

Дереу көмекке жеткен түнгі патруль өрттің Пушкин көшесіндегі үйдің бірінен шығып жатқанын көреді. Олар үй ішіндегі кәмелетке толмаған үш бала мен әйелді қауіпсіз жерге шығарады. Ал үй иесі бұл уақытта далаға шығып, үйдің төбесінде тұтанған отты сөндірмек әрекетте екен. Полиция қызметкерлері оған көмектесіп, өртті жедел сөндіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы