
Өз кезегінде өтінім берген үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын 9-19 маусым аралығында комиссия алдына жеке шығып қорғап шығу керек. Ал комиссия құрамына қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер мен кәсіпкерлер еніп отыр. Жобаларды сүзгіден өткізетін комиссия мүшелері біріншіден оның өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, келешекте ол жобамен қанша жұмыс орындарын ашуға болатынына, сондай-ақ жобаның өндірістік әлеуетіне назар аударуы тиіс.
Айта кеткен жөн 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша қайтарымсыз грант 428 тұрғынға мақұлданды. Комиссия оң шешім шығарған бизнес бастамалардың ішінде мал және құс шаруашылығына-44, қызмет көрсету саласына-100, кондитер және нан өнімдеріне-56, тігіс тігуге-84, жартылай фабрикаттар өндірісіне-31, жиһаз жасауға-8, жалпы өндіріс саласына-62 және қоғамдық тамақтану орнын ашуға-43 жоба арналды.
Жауапты сала мамандарының айтуынша биыл әлеуметтік осал топтардан 934 азамат өтінім тапсырыпты. Ал конкурс барысында комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирлер ұйымдастырылады. Осы тұста ескерер бір жәйт қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға, алкоголь, темекі секілді акцизделетін өнімдер шығаруға берілмейді.
Шымкент