Үкімет • 17 Маусым, 2025

Саранда моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Саран қаласында «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр. Іс-шараға еліміздегі 20 моноқаланың әкімдері, министрлік өкілдері және сарапшылар қауымдастығының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саранда моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Семинар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалалар экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар моноқалалардың даму тенденцияларын, экономиканың құрылымын нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу және тұрақты даму жолдарын талқылады.

Сонымен қатар Саран қаласының тәжірибесі ерекше атап өтілді. Индустриялық аймақ құру арқылы қала моноқала мәртебесінен шығып, өңірлік даму драйверіне айналды.

Осылайша, Саранда қолдау шараларының нәтижесінде экономиканы әртараптандыруға ықпал еткен Saran индустриялық аймағы құрылды.

2019-2024 жылдар аралығында қалада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,6 есе өсті, өңдеу саласының үлесі 92%-ға жетті. Салық түсімдері үш есе өсті. Жаңа зауыттарда 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, әрі қарайғы жобалар тағы 3,5 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етеді, бұл жергілікті тұрғындарды да, басқа өңірлердің қызметкерлерін де тартады.

Жаңа өндірістер құру жұмыспен қамтудың өсуіне және ШОБ-ты дамытуға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым мен тұрғынүй құрылысын жаңғыртуға ықпал етеді.

Биыл қала экономикасына 76 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.

Жалпы, Қазақстанда өңірлерді қолдаудың жүйелі шараларын жүзеге асыру нәтижесінде моноқалалар саны 27-ден 20-ға дейін қысқарды, бұл ірі өндірістердің және экономиканың өзге де түрлі бағыттарының өсуін білдіреді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Саран қаласындағы бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарды аралады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында төрт моноқала бар – Теміртау, Шахтинск, Абай және Балқаш, онда 340 мыңға жуық адам тұрып жатыр, бұл өңір халқының үштен бірін құрайды. Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің жартысына жуығы моноқалалар үлесіне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025