Шаруашылық • 10 Маусым, 2025

Көктемгі дала жұмыстары аяқталды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы бойынша егіс науқаны толығымен аяқталды. Биылғы дала жұмыстары диқандардың жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен үйлесімді еңбегінің нәтижесінде агротехникалық мерзімге сай сапалы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Облыс бойынша 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылы дақылдары орналастырылды. Бұл ретте егіс алқабын әртараптандыру аясында өсіруге тиімді, шығыны аз, пайдасы жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық берілді.

Нақтырақ айтсақ, 198,9 мың гектар алқапқа жаздық масақты дәнді дақыл, 40,6 мың гектарға майлы дақыл, 5,6 мың гектарға қант қызылшасы, 8,9 мың гектарға картоп, 34,9 мың гектарға көкөніс, 14,0 мың гектарға бақша дақылдары, 18,8 мың гектарға дәндік жүгері, 1,5 мың гектарға сүрлемдік жүгері, 25,3 мың гектарға көпжылдық және 3,7 мың гектарға біржылдық шөп егілді.

Көктемгі егіс жұмыстарына 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылды. Тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары уақытылы орындалды. Үкімет тарапынан бөлінген 19,9 мың тонна дизель отынының 13,7 мың тоннасы өңірге жеткізіліп, 9,9 мың тоннасы шаруаларға таратылды. Жоспарланған 99,6 мың тонна минералды тыңайтқыштың 50,4 мың тоннасы 252,2 мың гектар алқапқа ендірілді.

 Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 1» және «Кең дала 2» бағдарламаларымен 4,1 млрд. теңгеден астам қаржыға өтінім түсіп, оның 3,5 млрд. теңгесі шаруаларға аударылды.

 2024 жылы су үнемдеу технологиялары 55,4 мың гектар жерге қолданылған болса, биыл бұл көрсеткіш 11,1 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 66,5 мың гектарға жетті.

Жамбыл облысы

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50