Аймақтар • Бүгін, 16:56

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Іс-шара барысында журналистер әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың түрлі бағыттағы даярлығын көзбен көрді. Тілшілер әскери техникаларды, қару-жарақ үлгілері, сарбаздардың тұратын жерін, асхана жағдайын көріп, кинологиялық қалашықты аралап шықты.

Баспасөз турының ең қызықты сәті – Макаров тапаншасынан ату сайысы болды. Журналистер 25 метр қашықтықтан дәлдікке атып, мергендік сынасты.

Шара соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бекайдар Қазкеев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Бірқатар журналист алғыс хат пен естелік сыйлыққа тие болды. Мергендік сайысында көзге түскен тілшілерге де диплом мен медаль тапсырылды.

Батыс Қазақстан облысы