Қоғам • Кеше

ЖБУ бұзушылықты бұлтартпайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласындағы Жедел басқару орталығында (ЖБО) полицейлер Ашық есік күнін өткізіп, экскурсияға келген балалар мен жасөспірімдерге өздерінің жабдықтары және заманауи техникаларын, сонымен қатар жұмыс процесімен таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

ЖБУ бұзушылықты бұлтартпайды

Тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін ЖБО-ға «102» мобильдік қосымшасы мен арнасы арқылы келіп түскен барлық хабарламалар қабылданып, қылмыстық әрекеттерден азаматтарды қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін қызметкерлерге нұсқаулар беріледі. Экскурсия кезінде балалардың көзінше екі жүргізушінің көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны анықталды.

Орталықтан дереу нұсқау берілді: «Патруль, мына нөмірлі «Lexus»-ты тоқтатыңыз», «Патруль, қабылдаңыз: мына нөмірлі «Toyota» – жүргізуші телефон ұстап отыр».

Жолға зейін қоймаса, салдары ауыр болуы мүмкін. Екі жүргізуші де сол сәтте әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайтты экскурсияға келген жас қонақтар ЖБО мониторларынан бақылап тұрды.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025