
Фото: Ашық дереккөз
Бағдарлама өте қарапайым. Дүкеннен немесе қызмет көрсетушіден кейін фискалды чек аласыз, сол чектегі QR-кодты Amian қосымшасы арқылы сканерлейсіз. Содан соң 2% сома картаңызға немесе телефон нөміріңіздің балансына қайтарылады. Ол үшін тек Amian мобильді қосымшасын App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеу жеткілікті.
2025 жылдың маусымынан бастап кешбэк бағдарламасы Жамбыл облысының Жамбыл және Мойынқұм аудандарында, Түркістан облысының Төлеби ауданында, Қарағанды облысының Балқаш қаласында, сондай-ақ Маңғыстау облысының Мұнайлы және Қарақия аудандарында қолжетімді болды. Бұл тізімге дейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтары енгізілген болатын.
Жобаның басты мақсаты – көлеңкелі экономиканы азайтып, салықтық ашықтықты арттыру. Кәсіпкерлер фискалды чек беруге міндетті болса, тұтынушылар үшін чек алу аз да болса қаржылай пайда әкеледі. Әрі заңды бизнеске қолдау білдірудің бір жолы ретінде қарастырылады.