
Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды мен Түркістан облыстары жеңіс тұғырынан көрінді.
Айтыс – халқымыздың рухани байлығы мен мәдени мұрасының көрінісі. Бұл додаға елдің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар қатысып, өз аймақтарының намысын қорғады. Қазылар алқасы ақындардың суырып салмалық қабілетін, ой ұшқырлығын, ұлттық құндылықтарды жеткізе білу шеберлігін ескере отырып, командалық есеп бойынша жеңісті Қарағанды және Түркістан облыстарының құрамаларына бірдей табыстау туралы шешім қабылдады.
– Біздің өнерпаздарымыздың «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық айтыста қол жеткізген жеңісімен құттықтаймын! Қарағанды облысының құрамасы бұл айтыста сөз саптау шеберлігімен, ән, жыр, күй өнерінен жоғары деңгейден көріне білді. Бұл жетістік өскелең ұрпақты мәдени мұрамызды сақтауға және құрметтеуге ынталандыратыны сөзсіз, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы құттықтауында.
Қарағанды облысы