Тағайындау • 16 Шілде, 2025

Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Ерлан Ерғазыұлы 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті тәмамдаған.

2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.

2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы.

2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.

2016–2019 жылдары – аталған министрлікке қарасты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.

2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше