Тұлға • Бүгін, 09:55

Көрнекті ақын Исраил Сапарбай дүние салды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай 18 шілде күні таңғы сағат төрт шамасында Қаскелеңдегі өз шаңырағында көптен меңдеген науқастан көз жұмды. Қайғылы хабарды Facebook парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Көрнекті ақын Исраил Сапарбай дүние салды

«Таңнан суық хабар жетті. 85 жасқа қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты,  ұлт ақыны, белгілі драматург және дарынды композитор Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Иә, сағат тілі қасиетті жұмаға қарай ауғанда ақының соңғы демі үзілді. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны туралы хабарды ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы хабарлады», деп жазды Қасымхан Бегманов.

Исраил Сапарбай – қазақ лиракасын жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық рухты биік деңгейде жырлаған тұлға. Оның қаламынан туған өлеңдер, терең мазмұнды драмалар мен жүрекке жол тапқан әндер тұтас буынның санасына сәуле түсірді.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исраил Сапарбайға мәдениет пен әдебиетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағын берген болатын.