
Фото: ашық дереккөз
Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада аталған заңсыз әрекет Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің үйлестірілген арнайы операциясы барысында әшкереленгені айтылды. Шараға Өзбекстанның құқық қорғау органдары да атсалысқан.
«Қылмыстық топ шетелден қаржыландыру көздерін тартып, тасымалдау логистикасын жолға қойған. Өзбекстан тарапы да дәл осы уақытта өз аумағында тиісті іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде трансшекаралық қылмыстық схеманың барлық қатысушылары анықталды. Олардың қатарында Өзбекстан азаматтары да бар. Қазақстанның бес азаматы күдікті ретінде танылып отыр», деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданған.