Туризм • Кеше

Балқаш жағалауы тазартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы Балқаш көлі маңында санитарлық тазалық тұрақты жүргізіліп келеді. Жағалаудан жұмыс күндері 2 тоннаға дейін, демалыс күндері 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Бұл жұмысқа арнайы техника мен 10 адамнан тұратын топ тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Балқаш жағалауы тазартылды

Көлге келушілер саны артқанына байланысты қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде. Лепсі ауылында 4 жылдамдық өлшегіш құрылғы мен 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, жол қозғалысының тәртібі бақылауға алынды.

Демалушылар жағалаудағы өзгерістерге оң баға беріп отыр. Жолдың жаңартылуы мен тазалықтың сақталуы – тұрғындардың жиі келуіне себеп болып отыр.

Бүгінде көл жағалауында инфрақұрылым тартылып жатыр. Қазірдің өзінде 52 мың адам демалса, болашақта бұл көрсеткіш 450 мыңға дейін жетеді деген болжам бар.