Әлем • Бүгін, 12:45

Tesla табысы ең төмен деңгейге түсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tesla кейінгі онжылдықтағы ең нашар қаржылық көрсеткішін тіркеді. Компания табысы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға азайып, 22,5 млрд долларды құрады. Бұл – 2020 жылғы пандемия кезінен бергі ең үлкен құлдырау, деп жазады Egemen.kz.

Tesla табысы ең төмен деңгейге түсті

Компанияның өзі мұны тұтынушылар сұранысының әлсіреуімен, әлемдік нарықтағы бәсекенің күшеюімен және электромобильге деген қызығушылықтың төмендеуімен түсіндіреді. Илон Маск бұл тоқсанда компанияның «күрделі сынақ кезеңінен» өтіп жатқанын мойындап, алдағы айлар да оңай болмайтынын ескертті.

Tesla-ның негізгі үлесі бар АҚШ, Қытай және Еуропа нарықтарында арзан электр көліктерінің көбеюі және үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктердің қысқаруы сату көрсеткішіне тікелей әсер етті. Бұған қоса, бірқатар сарапшылар Масктың саяси мәлімдемелері мен қоғамдағы беделіне қатысты дау-дамайлар компания имиджіне теріс ықпал етіп жатқанын айтып жатыр.

Осыған дейін Илон Маск Tesla-ның болашағын жасанды интеллект пен робототехникалық жобалармен байланыстырып, электромобиль өндірісі екінші орынға ығыса бастайтынын мәлімдеген еді. Дегенмен, инвесторлар мен нарық сарапшылары әзірге нақты нәтиже емес, нақты өнім күтіп отырғанын алға тартады.

Сарапшылардың пікірінше, Tesla компаниясы енді жаңа нарықтық стратегия мен сенімді өнім саясатын ұсынбаса, алдағы тоқсандарда да қаржылық көрсеткіштер жағымсыз бола беруі мүмкін.