Кітапхана • Кеше

Kazneb.kz аясы кеңейе түсті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді.

Kazneb.kz аясы кеңейе түсті

Сурет: shqolibrary.kz

Контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өссе, 379 312 пайдаланушы, қашықтан 746 056 пайдаланушы кіріп, ауқым 44%-ға артты. Сондай-ақ авторлар­дың рұқсатымен құжаттарды жүктеу саны 1 млн 600 мыңнан асты.

Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейді. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланды.

Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған, 64 тілдегі құжаттармен еркін танысу мүмкіндігі бар.

ҚазҰЭК – еліміздегі кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал. Кез келген пайдаланушы интернет желісі арқылы Ұлттық электронды кітапхана порталына тіркелусіз, еркін, авторизациясыз толық мәтінді құжаттармен таныса алады. ҚазҰЭК әлемнің 110 елінен пайдаланушылардың сенім артып, тұрақты қолданатын порталына айналып келеді. Негізгі елдер қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Нидерланд, Франция, Түркия, Қытай, Ұлыбритания және т.б. бар.

Портал көзі нашар көретін жандар үшін де қолжетімді.