Спорт • 01 Тамыз, 2025

Пара спортшылар шахматтан 9 медаль жеңіп алды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан әлем чемпионаты шілде айының 21-30 күндері аралығында Үндістанның Гоа қаласында өтіп, Қазақстанның пара спортшылары 9 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Пара спортшылар шахматтан 9 медаль жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Дүниежүзілік дода – шахматтың классика, блиц, рапид түрлерінен өтіп, оған 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты.

Классикадан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов, Әлімжан Аяпов қола жүлдегер атанды.

Блиц ойынында Бақытжан Майкенов пен Аяулым Қамбарова күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола медаль алды.

Ал рапид бойынша Әлімжан Аяпов пен Аяулым Қамбарова екінші орын алды.

Осылайша Қазақстанның пара спортшылары 4 күміс, 5 қола, барлығы 9 медаль иеленді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025