
Фото: ашық дереккөз
Оның айтуынша, оның басты себебі инфляцияның үдей түсуі және экономиканың нақты мүмкіндіктерінен озып кеткен ақша массасының артуы.
«Ақша айналымда көбейіп барады, ал ішкі өндіріс сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Салдарынан инфляция өсіп, шетелден келетін тауарлар бағасы жағынан тиімді бола бастайды. Халық импортты көбірек тұтынады, сәйкесінше валютаға деген сұраныс артады. Бірақ нарықта валюта жеткіліксіз болғандықтан, оның бағасы өсе береді», деп жазды Чукин Facebook парақшасында.
Сарапшы алдағы уақытта теңге бағамы біртіндеп 540-560 деңгейінде тұрақтап, 2026 жылдың соңына қарай 600 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп отыр.
«Жазда шарықтау шегіне жеткеннен кейін, әдетте теңге қыс-көктем айларында нығая түседі. Бірақ бастысы, ұзақмерзімді тренд. Ол ұлттық валютаның ішкі құнымен анықталады. Қазір сол құн түсіп келеді. Биылғы инфляция шамамен тағы 11–12% болады. Менің бақылауымша, орта есеппен инфляция 10%-ға өссе, теңге 4%-ға әлсірейді», дейді экономист.