Спорт • Кеше

Алматыда Ғұсман Қосановтың мемориалы өтті

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда атақты желаяқ, Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлеттердің халықаралық турнир аяқталды. Бұл додаға 17 мемлекеттен келген 200-ден аса спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Ғұсман Қосановтың мемориалы өтті

Аталған жарысты Қазақстан құрамасы 34 жүлдемен қорытындылады. Тарқатып айтсақ, жерлестеріміз 6 алтын, 12 күміс және 16 қола жүлде олжалады. Бас жүлдені Юлия Башманова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Полина Иванова (сырықпен секіру), Александра Залюбовская (400 метр), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Иван Товченик (сырықпен секіру) және Қазақстанның 4×400 метрге жүгірген аралас эстафеталық командасы иеленді. Ал Ирина Конищева (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Анна Черкашина (сырықпен секіру), Артур Гафнер (найза лақтыру), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Александра Залюбовская (200 метр), Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Әділ Омарбеков (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Ақбілек Құралбай (1500 метр), Давид Ефремов (110 кедергілер арқылы жүгіру), Виктория Ан (100 метр) және эстафетадан (4×100 метр) ерлер мен әйелдер құрамасы күміс алса,  Алина Чистякова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Антон Боднар (биіктікке секіру), Диана Гейнц (найза лақтыру), Евгения Красаева (800 метр), Никита Изотов (800 метр), Евгений Прокудин (100 метрге кедергілер арқылы), Ақбілек Құралбай (5000 метр), Игорь Хрунин (1500 және 5000 метр), Иван Иванов (ядро лақтыру), Евгений Лабутов (диск лақтыру), Надежда Богданова (ядро лақтыру), Виталий Земс (200 метр), Эльнор Мухитдинов (400 метр), Виктория Ан (200 метр) және эстфетадан Қазақстан әйелдер құрамасының екінші командасы (4×100 метр) қолаға қол созды.

Ғұсман Қосанов мемориалы «World Athletics Continental Tour Bronze Level» сериясына кіреді және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.