
Енді спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге немесе дамыту орталығына тіркелу үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) құжаттарды қағаз түрінде немесе онлайн ұсынуы тиіс. Тізімде өтініш, жеке куәлік немесе паспорт, № 027/у медициналық анықтама, жеке деректерді өңдеуге келісім бар.
Бұл талаптар баланың денсаулығын, деректер қауіпсіздігін әрі қабылдау рәсімінің ресмилігін сақтауға көмектеседі.
Құжаттарды ұйым мамандары немесе «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері тексереді. Қате яғни жетіспейтін мәлімет анықталса, тіркеуден бас тартылады. Ал өтініш мемлекеттік корпорация арқылы берілсе, қызмет көрсету мерзімі келесі күннен бастап есептеледі.