
Ғалымдар Вильнюстегі бауырлас зираттан табылған сарбаз сүйектерін зерттеп, олардың көпшілігі ауыр науқастан қайтыс болғанын анықтады. Қазылған 3269 адамның сүйегінде соғыс жарақаты болмаған. Демек, оларды ауру жеңген. Зерттеушілер сарбаздардың тістерінен ДНҚ алып, екі аса қауіпті, лас су мен тамақтан жұғатын паратиф пен бит арқылы таралатын дерттің ізін тапқан.