
фото: Ақорда
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл мәселе жақында екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген.
«Қазір тараптар сапардың нақты мерзімі мен оның мазмұнын талқылап жатыр», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Ол өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барғанын еске салды. Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекет арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.