Төтенше жағдай • Бүгін, 11:15

Саяқ станциясында балка сынып, жұмысшылардың үстіне құлаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Саяқ станциясында автомобиль көпірін салу барысында төтенше жағдай орын алды, деп жазады Egemen.kz.

Саяқ станциясында балка сынып, жұмысшылардың үстіне құлаған

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ауыр конструкцияның құлаған сәтінен кейін, жерде сұлаған екі адамның жатқанын көруге болады.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл учаскедегі құрылыс жұмыстарын мердігер ұйым – «ТЖЖ» ЖШС жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер ҚТЖ қызметкерлері емес.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында балка сынып, теміржолға құлады. Автокөпір құрылысында еңбек еткен жұмысшылар ҚТЖ-ның штаттық қызметкерлері емес», деп нақтылады компания өкілдері.

Зардап шеккендердің жағдайы туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ. «ТЖЖ» ЖШС өкілдері оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартып, тек ресми сауал жолдауды сұраған.