Кино • Бүгін, 12:51

Қырғыздар Ер Төстік туралы фильм түсіреді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда ұлттық эпосқа негізделген жаңа анимациялық фильм түсіріледі. Жобаға 5 миллион доллар бөлу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.

Қырғыздар Ер Төстік туралы фильм түсіреді

Қырғыз депутаты Динара Әшімова «Эр-Төштүк» эпосының тәрбиелік мәнін атап өтіп, мультфильм түсіру үшін қаражат бөлуге шақырды.


«Біздің балалар шетелдік батырларды жақсы біледі, бірақ өзіміздің кейіпкерлерді танымайды. Кино сананы қалыптастыратын қуатты құрал. Эр-Төштүк, Кожожаш, Жаныл Мырза сынды ұлттық батырларды таныстыру үшін мультфильмдер түсіру қажет», деді ол.

Депутаттың айтуынша, кинематография департаментінің сараптамалық кеңесі 2023-2024 жылдары жобаны мақұлдаған. Сценарий дайын, қаржы министрлігі қаражат бюджетте қарастырылғанын растаған, алайда мемлекеттік тапсырыс әлі рәсімделмеген.

Режиссерлер парламенттен жобаны іске асыру үшін соңғы қадамды жасап, фильмді жарыққа шығаруға қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Айта кетейік, «Эр-Төштүк» эпосы қырғыз, қазақ, өзбек және татар халықтарының ертегілерінде кездеседі.