АСТАНА. 23 маусым. Астанада Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мексика Парламенті Сенатының комитет төрағасы, Ұлттық Әрекет партиясының мүшесі Габриэла Куэваспен кездесті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстанның сыртқы істер министрі атап өткендей ықпалдастық жаңа деңгейге көтеріліп келеді.
Ерлан Ыдырысов: «Мексика Үкіметінің биылғы жылы Астанада Елшілік ашу туралы шешімі бұған дәлел бола алады. Біз бұл мәселеде барлық қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді.
Бұдан басқа, сыртқы саяси ведомство басшысы мұнай-химиялық, машина жасау, тау-кен өндірісі, металлургиялық, тоқыма және тағам өнеркәсібі салаларында Мексикамен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты. Ол үшін жетекші мексикалық компанияларды қазақстандық бизнеспен ауыл шаруашылығында, тағам өнімдерін өндіруде ынтымақтастыққа шақырды.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздер аяқталғанын назарға ала отырып, министр күзге жоспарланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мексикаға сапары барысында қосарланған салықты болдырмау туралы конвенцияға және өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қоюды, сондай-ақ Қазақстанның мексикалық визаларды электрондық растау жүйесіне енуі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Кездесу соңында министр Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын 2013 жылы қолдағаны үшін Мексика тарапына алғыс айтты.
«Мүшелікке сайлану - еліміздің сыртқы саясатындағы басты міндеттердің бірі», – деген Ерлан Ыдырысов Мексиканың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мол тәжірибесін зерделеуге Қазақстанның ынталы екенін айта кетті.
Ал Габриэла Куэвас Мексика Қазақстанның ішкі саясаттағы және халықаралық аренадағы жетістіктерін жіті бақылап отырғанын, сондай-ақ әр салада екіжақты ынтымақтасты дамытуға дайын екенін жеткізді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 23 Маусым, 2015
Күзде Мемлекет басшысы Мексикаға сапармен барады

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше