Қоғам • Кеше

Мүгедектік тобын белгілеу онлайн қаралады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мүгедектік тобын белгілеуге медициналық-әлеуметтік сараптама жүр­гізудің сырттай форматы жүзеге асырылып келеді. Биылғы қаңтар айынан бері қанатқақты жоба аясында 68,9 мың өтінім қаралды. Сырт­тай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан шеңберінде жүр­гізіледі.

Мүгедектік тобын белгілеу онлайн қаралады

Сурет: egov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің мәліметінше, былтыр 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралған. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ы.

Мемлекет басшысы ерекше қажетті­ліктері бар адамдарға барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Жауапты министрлікке мүгедектік тобын анықтаушылар инстанциялардан өтуде қағазбастылыққа салынбауын жүктеді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­ліктерімен бірлесіп, елдің барлық 20 өңірінде қанатқақты режімде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы жобаны іске асырып жатыр.

Мүгедектік тобын белгілеу жөнін­­дегі қызметті алу үшін өтініш беру­шіге тұрғылықты жеріндегі емханаға жүгініп, міндетті тексеруден өту қажет. Одан кейінгі шаруаның барлығы ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу ең алдымен әкімшілік, бюрократиялық кедергілерді жояды. Екіншіден, МӘС сараптамалық шешімдерінің ашық­тығын қамтамасыз етеді. Үшін­­шіден, мүгедектікті белгілеу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шара­ларын анықтау қызметтерін үй­ден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушының мүгедектік тобын белгілеуші мекеме қызметкерімен тікелей байланысын болдырмайды. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.