Әлем • Кеше

Путин Зеленскийді Мәскеуге келіссөзге шақырды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскийді Мәскеуге келіссөз жүргізуге шақырды. Ол Зеленский келіссе, кездесуге дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

Путин Зеленскийді Мәскеуге келіссөзге шақырды

RBC дерегінше, Путин бұл идеяны алғаш рет Аляскада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде айтқан. Кейін AFP агенттігі Зеленскийдің ұсыныстан бас тартқанын хабарлады.

«Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, онда кездесу болады», деді Путин Қытайдағы төрт күндік сапарынан кейін.

Бұған дейін Зеленский мұндай ұсыныстан бас тартып, келіссөзді Еуропадағы бейтарап жерде өткізуді ұсынған болатын. Украина президенті Швейцария, Австрия немесе Түркия сияқты елдерді қарастыруға шақырған.