Экономика • Кеше

Ұлттық қордағы қаржы 36 трлн теңгеден асты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық қоры рекордтық көрсеткішке жетті. Қордағы қаражат көлемі 36 трлн теңгеден асқаны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, Egemen.kz.

Ұлттық қордағы қаржы 36 трлн теңгеден асты

Жыл басынан бері қорға 5,2 трлн теңге түскен. Оның 2,5 трлн теңгесі қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс болып отыр. Халықаралық қаржы нарығындағы қолайлы жағдай осы кірістің өсуіне ықпал еткен.

Мұнай саласындағы компаниялардан түскен тікелей салықтар шамамен 2,74 трлн теңгені құраған. Бұған қоса, қорға корпоративтік табыс салығынан 794,9 млрд теңге және өнімді бөлу келісімдері арқылы 799,5 млрд теңге түскен.

Сегіз ай ішінде Ұлттық қордан 3,8 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 2 трлн теңге республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт ретінде бағытталды. Қалған 1,8 трлн теңге нысаналы жобаларды қаржыландыруға жұмсалған.

Ұлттық банк тамыз айында қордан 420 млн доллар сатқанын хабарлады. Бұл қаржы республикалық бюджетті қолдауға және Талдықорған мен Үшарал арасындағы магистральдық газ құбырының құрылысына пайдаланылды.