Заң мен Тәртіп • Кеше

Ақтөбеде рэп-орындаушы есірткілік мас күйінде ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында жедел іс-шара барысында 31 жастағы рэп-орындаушы жол-патрульдік полициясының қолына түсті. Ол көлікті есірткілік масаң күйде тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде рэп-орындаушы есірткілік мас күйінде ұсталды

 

Тінту кезінде құқық қорғаушылар одан ұнтақ түріндегі белгісіз зат салынған зип-пакет тәркіледі. Сараптама нәтижесі оның синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Сондай-ақ медициналық куәландыру жүргізіліп, күдіктінің көлікті есірткілік мас күйінде басқарғаны дәлелденді.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.