ОРАЛ. 23 маусым. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының лауазымды қызметкерлері елімізге алыс шет елдерден ет өнімдерін жеткізу кезінде өздеріне сеніп тапсырылған тікелей функционалдық міндеттерін белден басқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті құрылған. Ал ел өңірлерінде оның аумақтық инспекциялары жұмыс жасайды. Қазіргі кезде бұл құрылымдарға жүктеліп отырған жауапкершілік өте жоғары. Әйтсе де Батыс Қазақстан облыстық инспекциясының қызметкерлері жоғарыдағыдай заңсыздықтарға жол берген.
Мұндай кереғарлықтарды Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы анықтады. Атап айтқанда, аталған инспекцияның мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлары Марат Қабденов пен Серік Сүндетовтер осындай лас іс-әрекеттерге барған. Олар елімізге жалған ветеринарлық сертификаттар бойынша ет өнімдерінің жеткізілуіне көздерін жұма қараған. Оны көрсе де көрмегендей түр танытқан.
Бұл тұрғыда жасалған прокурорлық тексерулер ет өнімдерін жіберуші Бразилия елінен сертификат түпнұсқасының жоқ болғанын растайды. Сонымен бірге, Литва Республикасынан берілген құжат та тиісті үлгіге сәйкес келмеген. Соған қарамастан, жоғарыда аты-жөндері көрсетілген лауазымды қызметкерлер осы сертификаттарды заңсыз қайта ресімдеген. Кейін ет өнімдері тиелген автокөлік Ресей Федерациясында ұсталды. Сірә, халқымыз қойды қасқырға бақтыру деген тіркесті осындайда айтса керек.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: 1720.kz.
• 23 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер заңсыздыққа жол берді

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше