Кино • Бүгін, 09:30

Жаңа «Патруль», «Заманback» және «Qazaq Alemi»: Кинопоиск қазақстандық кинохиттерді ұсынды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық кино нағыз бұқаралық құбылысқа айналды. Енді үздік фильмдерді тек кинотеатрларда ғана емес, онлайн да көруге болады. Кинопоиск қазақстандық прокат көшбасшыларын ұсынады: отбасылық және романтикалық комедиялардан бастап, миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген, көпшілік асыға күткен премьераларға дейін.

Жаңа «Патруль», «Заманback» және «Qazaq Alemi»: Кинопоиск қазақстандық кинохиттерді ұсынды

Онлайн-кинотеатрда көптен күткен жаңалық – «Патруль. Последний приказ» фильмі қолжетімді. Бұл он жыл бұрын жарық көрген, қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болған «Патруль» сериалының жалғасы. Биыл ол үлкен экранға қайта оралып, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Кинопоиск көрермендерге «Патруль. Миссия Тамби» фильмінің кеңейтілген нұсқасын да ұсынады.

Жаңа «Патрульдің» оқиғасы – жергілікті патрульдік полицейлердің президент кортежіне кіргісі келіп, түрлі күлкілі жағдайға тап болатын шағын қалада өрбиді. Фильм жеңіл юморды, динамикалы сюжетті, көпшілікке сүйікті кейіпкерлерді және өзекті тақырыптарға сілтемелерді сақтап қалған. Прокаттың алғашқы күндерінде-ақ фильмнің табысы рекордтық деңгейге жетіп, 1 миллиард теңгеден асты.

Соңғы екі жылда прокат көшбасшысы атанған қазақстандық фильмдер Кинопоиск онлайн-кинотеатрында қолжетімді:

«Дәстүр» – қыз өзіне зорлық көрсеткен адамға тұрмысқа шығып, шаңыраққа жаңа қиындықтар төнеді.

«Таптым-ау сені» – Сауле балалық шақтағы досына қалыңдық іздейді, бірақ өзі оған ғашық болып қалады.

«Заманback» – Азат ата-анасының тағдырын өзгерту үшін өткенге оралады.

«Патруль. Последний приказ» – провинциялық патрульдер президент кортежіне кірмекші болады.

«Молда» – қашып жүрген қылмыскер түзу жолға түседі.

«Кеттiк, бәрін таста» – Қайрат Әділгерей ойнаған эксцентрлік комедия.

«Таптым-ау сені - 2» – Сауле мен Жексен бала сүюді қалайды, бірақ бұл оңай болмайды. Шулы комедиялық хиттің сиквелі.

«Брат или брак 3» – Айдар бұзақы егіз ағасының бар екенін біледі.

«Qazaq alemi» – Екі дос жұлдызбен танысып, XV ғасырға тап болады. Нұрлан Қоянбаев ойнаған патриоттық комедия.

«Жездуха» – Оңтүстік Қазақстаннан шыққан отбасы солтүстіктегі ауылға қоныс аударады. «Келінжан» фильмі режиссерінен шыққан комедия.

Бұл тізімдегі барлық фильмдерді қазір көруге болады. Жақында коллекцияға прокатта ең кассалық картиналардың біріне айналған комедия – «Қолыңнан келсе алып қаш» қосылады.

Енді көрермендер киноны үлкен экраннан өткізіп алса да, уайымдамайды: кез келген жанрдағы фильмдерді онлайн-кинотеатр Кинопоиск арқылы қалаған уақытында көруге мүмкіндік бар.

Сервис Яндекс Плюс жазылымына кіреді. Ол фильмдерге, сериалдарға, спорттық трансляцияларға, кітаптарға, музыкаға, сондай-ақ Қазақстандағы және серіктес компаниялардағы Яндекс қызметтерінің арнайы ұсыныстарына қолжетімділік береді.