Өскеменде татар халқының белгілі ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлелдің ескерткіші ашылды.
Тарихтан белгілі, Мұса Жәлел 1942 жылы ауыр жараланып, тұтқынға түседі. Концлагерьде жасырын топ құрып, кеңестік тұтқын-жауынгерлердің лагерьден қашуын ұйымдастырады. Оның жазған өлең-жырлары тұтқындағы серіктерінің арасында кеңінен таралады. Ол құпия ұйым құруға қатысқаны үшін Плетцензее әскери түрмесінде өлім жазасына кесілген.
Облыс орталығының Протозанов пен Қайсенов көшелерінің қиылысында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сибағатуллин бастаған меймандар келді. Делегация құрамында «Татарстан – жаңа ғасыр» телеарнасының түсірілім тобы да бар. Сондай-ақ, шараға еліміздің Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов, облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ғабдулхай Ішмұратов және өңірдегі татар этносының өкілдері қатысты.
– Ескерткіш қысқа мерзімде тұрғызылды. Оған қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер мен қаланың қарапайым тұрғындары атсалысты. Олардың барлығына алғыс айтамыз. Бұл – біздің еліміздің бірлігі мен достығының айнасы. Біз бірге болғанда барлық игілікке қол жеткіземіз! – деді шаһар басшысы Темірбек Қасымжанов.
Ескерткіштің ашылу рәсімінде Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры туралы сыр шертіліп, жауынгердің жалынды жырлары оқылды. Ақынның өзі де жыр жолдарында «Өлімнен кейінгі ғұмыр жалғастығы үшін де өмір сүру қажет» екенін айтып кетті емес пе?! Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы аясында бой көтерген ескерткіш татар ақынының есімі әлі ел есінде екенін аңдатты.
Аталған шара этноауылда татар халқының ұлттық Сабантой мерекесімен жалғасты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті
Әлем • Бүгін, 10:22
Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше