Тарих • Бүгін, 03:19

Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақ республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда халықаралық ұйым басшысы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінде, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде болды, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты

Сапар аясындағы жиында тұтас мұсылман жұртының тарихи мұрасына айналған ескерткіштерді Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қаралды. Салем бин Мохаммед осы қадам арқылы Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға мүмкіндік туатынын жеткізді.

Жалпы айта кеткен жөн, Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) — 1979 жылы құрылған құрылым. Ол сондай-ақ  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қарасты мамандандырылған халықаралық ұйым болып саналады. Ол мүше мемлекеттер арасында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше