Мәдениет • Бүгін, 12:01

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті, деп жазады Egemen.kz.

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

Дара тұлғаның ғасырлық мерейтойы – тек еліміз үшін емес, бүкіл әлем үшін де маңызды оқиға. Бұл дата ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енген. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аида

«Бүгін Париж төрінде, ЮНЕСКО-ның мәртебелі штаб-пәтерінде қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы жоғары деңгейде тойлануда. Қазақ музыкасы мен өнерінің ЮНЕСКО аясында лайықты бағалануы – мемлекетіміз үшін үлкен мәртебе. Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары – қазақ халқының рухани әлемін паш етумен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін биік өнер туындылары», деді Аида Балаева құттықтау сөзінде.

Концерт бағдарламасында композитордың танымал туындыларын «Отырар сазы» оркестрі орындады. Ұжымның көркемдік жетекшісі әрі дирижері – қызы Дінзухра Тілендиева. Сонымен қатар, ЮНЕСКО сахнасында Қазақстанның белгілі әртістері Светлана Айтбаева, Әлішер Кәрімов, Фархат Кубиев, Гауһар Жұмағұлова, Асқар Мұқият, Абай Қойшыбаев, Расул Жармамбетов, Нұрғалым Аманбай, Аягөз Хайруллина, Жұлдыз Байжұма өнер көрсетті.

юнеско

Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы Қазақстан мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Оның қаламынан 500-ден астам музыкалық шығарма туып, 50-ден астам драмалық қойылым мен 20 көркем фильмге музыка жазды.

Айта кетейік, заманында Нұрғиса Атабайұлы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің бас дирижері қызметін атқарды, кейін өзі «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрып, ұжымның көркемдік жетекшісі болды.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше