
Фото: x.com/@NobelPrize
Олар «макроскопиялық кванттық-механикалық туннелдеу және электр тізбегіндегі энергияның квантталуын ашқаны үшін» марапатталды. Ғалымдардың тәжірибелері кванттық құбылыстардың тек атомдық деңгейде ғана емес, қолмен ұстауға болатын құрылғыларда да айқын көрінетінін дәлелдеді.
Өткен жылы Нобель сыйлығы физика саласында Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға берілген болатын.
Айта кетейік, 1901 жылдан бері физика бойынша Нобель сыйлығы 118 рет табысталып, 226 ғалым иеленген. Олардың ішінде небәрі бес әйел бар.
Биылғы Нобель апталығы әлі жалғасып жатыр. 8 қазанда – химия, 9 қазанда – әдебиет, 10 қазанда – Бейбітшілік сыйлығы, ал 13 қазанда экономика саласындағы лауреаттар белгілі болады.