Жоба • Бүгін, 08:07

Қанатқақты жоба іске қосылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында цифрлық келісімдер жүйесін енгізу жобасы басталды. Биыл тамыз айында аурухана мен «TrustMe IT» компаниясы жаңа цифрлық шешім енгізу жөнінде меморандумға қол қойып, қанатқақты жоба ресми түрде іске қосылды.

Қанатқақты жоба іске қосылды

Бұған дейін медициналық көмекке келісім беру немесе бас тарту рәсімдері тек қағаз түрінде жүргізіліп кел­ген. Құжаттарды мұрағатқа жи­нақтап, күн сайын жүздеген бетті сканерлеу және базаға қолмен енгізу қызметкерлердің уақытын алып, қағаз шығынын арттыратын. Жаңа жүйе бұл мәселелерді шешуге бағытталған. Енді келісімдер SMS арқылы рәсімделеді. Барлық келісімдер мен бас тартулар автоматты түрде жүйеде жасалып, электронды форматта сақталады. Қазірде тек бас тартулар ғана қолмен енгізілсе, болашақта келісімдер де толық автоматтандырылып, бірыңғай деректер қоры қалыптасады. «TrustMe IT» компаниясының негізін қа­лаушы Шыңғыс Дәулетбаев жаңа жобаның медицинадағы цифр­лық үдерістерді ілгерілетуде ерек­ше маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, заманауи жүйе қағазбастылықты азайтып қана қоймай, ақпараттың сапалы әрі жедел өңделуін қамтамасыз етеді.

Қанатқақты жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, жүйе аурухана қызметімен толық интеграцияланып, келісімдерді бірден ішкі жүйе арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жасанды интел­лект технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Бұл медициналық карталарды толтыру­ды жедел­де­тіп, де­ректердегі қате­лік тәуекелін азайтады. Жүйе­ні кадр бөлімі, бухгалтерия, әкімшілік секілді өзге құры­лым­дарда да қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Жоба медициналық қызмет­керлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Алдағы уақытта мұндай тәжірибе еліміздің өзге өңірлерінде де ен­гізіліп, денсаулық сақтау саласын цифрландыру қарқынын же­делдетеді.

 

Асхат ҚОЙШЫҒАРА