Қоғам • Бүгін, 08:25

Жан азығы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы кездері Мемлекет басшысының қамқорлығы мен қолдауы кітапхана саласына өркенді өзгеріс әкелді. Кітапханашылардың жалақысы едәуір артты. 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Түнгі кітапханалар жұмыс істей бастады. Өзге де атқарылып жатқан игі шаралар көңілге қуаныш ұялатады.

Жан азығы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Оңтүстік өңірінің шал­ғайдағы Созақ өңірінде кезінде аудан басшы­ларының та­бан­дылығы мен ерік-жігерінің ар­қасында кітапханалар жекешелендіру науқанынан аман қалған. Соның игілігін бүгінде жұртшылық көріп отыр. Кітапха­наға барғанымызда онда топ-топ бо­лып жүрген оқушы жастарды көр­генде сүйсініп-ақ қаламыз. Әңгімелесе ­келе білгені­міз – ұстаз­дары әдеби кітап­­тар оқып, әртүрлі тақырып­тар­да эссе­­лер жазуға ма­шықтанды­­ра­­тын көрі­­неді. Кітапха­надағы кітап ­қоры ­­өте ­бай. Сөрелерде әлем, шетел әде­биеті­нен бастап, қазақ қалам­гер­ле­рінің де туындылары самсап тұр.

Кітапханадан кезінде кездесуге келген ақын-жазушылардың қолтаң­балары мен пікірлерін оқи аласыз. Әбіш Кекілбай, Шерхан Мұртаза, Саты­балды Нарымбетов, Сауытбек Абдрахманов, т.б. қаламгерлер кітапхана туралы пікірлері шалғай аудан жұрт­шы­лығының мәдени деңгейінің қан­ша­лықты екенін аңғартатындай.

Терең ойлап қараған адамға, кітап – айнымас дос, жалықтырмайтын серік, ақы сұрамайтын кеңесші. Жігеріңді қайрап, тіліңді байытады, жан дүниеңді тебірентіп, шешендікке баулиды, өреңді кеңітіп, санаңды дамытады. Кітап арқылы адам бас­қаларды құрметтеуді үйренеді.

Хакім Абай: «Артық ғылым кітап­та, ерінбе оқып, көруге» десе, Ахмет Бай­тұрсынұлы: «Оқусыз халық қанша бай болса да біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халық­тардың қолына көшеді», деп көштен қалмауға шақырған.

«Бар кітап бір кітапты түсіну үшін оқылады» дегендей, кітаптардың бәрі де ардақты. Ол ең алдымен тілді ма­шықтандырады, білім дамып, түсінік кеңейеді. Айта берсек, кітаптың пайдасы шексіз.

 

Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ

 

Түркістан облысы