
Суретті түсірген – Маржан Қуандықова
«Астана-Арена» стадионында өткен мачттың бірінші кезеңінде Ғалымжан Кенжебек пен Бахтиер Зайнутдинов мергендік танытып, құраманы алға жетеледі. Үзілістен кейін Ғ.Кенжебек қақпаның тоғыздығын дәл көздеп, дубль авторы атанды. Ойынның нүктесін қорғаушы Әлібек Қасым қойды. Есеп – 4:0. Бұл – оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы.
Осы жеңістен кейін Қазақстанның қоржынында 6 ұпай бар. Құрама J тобының төртінші сатысында тұр. Келесі кездесу 13 қазан күні Скопьеде Солтүстік Македония құрамасына қарсы өтеді.