
Бұл тұскиізді Бибіғайша Халилақызы 1946 жылы қолға алып, 16 жыл тоқыпты. 1970 жылы Канадада өткен көрмеге қойылған. Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерболат Шубаев:
«Канадада өткен көрмеден кейін тұскиіз жоғалып кетеді. Содан республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (кейінгі «Парасат») журналында «Абайдың қыз-келіндері» атты фото жарыққа шығады. Ол суретте осы тұскиізге қыздар мен келіндерді отырғызып қойған екен. Оны иесі Бибіғайша ана танып қойып, сол уақыттағы Мәдениет министрі Дүйсен Қасейіновке хат жазып, құнды дүниесін музейге қайтадан алдырады», дейді.
Кілемнің ұзындығы бес метрден асады. Қабырғаға сыймаған тұсын бүктеп қойған, түрлі-түсті өрнектермен безендірілген тұскиіз музей ішіне ерекше сән беріп тұр.
Ұлытау облысы