Заң • Кеше

Бостандықтың қадірін кеш түсіндім: қостанайлық сотталған жас замандастарын қателік жасамауға шақырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы Евгений жастарға өмірден алған ащы сабағы туралы ойымен бөлісті. Ол бостандықтың бағасын тек темір тордың ар жағында отырып қана түсінгенін айтады, деп жазады Egemen.kz.

Бостандықтың қадірін кеш түсіндім: қостанайлық сотталған жас замандастарын қателік жасамауға шақырды

Бір кездері достарымен бірге ішімдік ішкен соң ақшасы таусылған жас жігіт жеңіл жолмен пайда табуға бел буып, дүкен тонауға барған. Бұл әрекетінің салдары ауыр болды, сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір Евгений Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қостанай облысы бойынша мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол өзінің өткеніне өкініп, жастарға ойланбай жасаған әрекет өмірді түбегейлі өзгертіп жіберетінін ескертеді.

«Бостандықтың қадірін оны жоғалтқанда ғана түсінесің. Бір сәттік шешім, бір қате қадам – бүкіл өміріңді бұзуы мүмкін. Еркіндікті бағалаңыздар, жаныңыздағы жақындарыңызды қадірлеңіздер», – дейді Евгений.

Оның айтуынша, түрмедегі өмір әр адамға үлкен сабақ болуы тиіс. Қазір ол қателігін мойындап, жазасын өтеу барысында еңбекке және білімге ден қойып жүр.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мұндай кездесулер мен ашық әңгімелердің жастар арасында құқықтық сана мен жауапкершілікті арттыруға сеп болатынын атап өтеді.