Білім • Бүгін, 10:02

Павлодарда мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы күзгі бал кезінде мұғалімге қол көтерді. Оқытушы полицияға шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

Жағдай мектепте өткен күзгі бал кезінде болған. Мұғалім оқушыға ескерту жасағаннан кейін жасөспірім оның мойнынан ұстап, бірнеше секунд бойы қысып тұрған. Куәгерлердің айтуынша, педагог қатты шошып, оқиғадан кейін дереу полицияға жүгінген.

Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, тексеру нәтижесінде жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Іс сотқа жолданды.

Оқушының тәртібі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады.