Шахмат • 21 Қазан, 2025

Қоржында – үш жүлде

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Албанияның Дуррес қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Еліміздің жас шахматшылары дүбірлі додадан олжалы оралды.

Қоржында –  үш жүлде

Чемпионатқа 84 елден 711 шахматшы жиналды. Ел үмітін арқалап барған 44 спорт­шы 14, 16, 18 жасқа дейін­гілер арасында тартысқа түсті. Жарыс швейцариялық жүйе­мен өрбіп, қатысушылар 11 турда бағын сынады.

Жерлестеріміз Марк Смир­­нов пен Эдгар Мамедов алтын медаль олжаласа, Сауат Нұр­ғалиев күміс жүлде иелен­ді. 13 жасар М.Смирнов мүм­кін болған 11 ұпайдан  9½ жи­нап 14 жасқа дейінгі (O14) жас­­өс­пірімдер арасында топ жар­ды. Өз тобындағы көш­бас­шы саналған қытайлық Цзян Хаочэнді (8½ ұпай) шаң қаптырып, соңғы турда Польша елінің сенімін арқалап келген Петр Бже­зинді айқын ұтты. Марк 2023 жылы Италияда өт­кен әлем чемпионатында 12 жас са­натында сынға түсіп, 9 пар­­тияда жеңіске жетіп, 2 қар­сыласымен тең түсіп, жаһан үздігі болып танылған еді. Араға екі жыл салып сол жетістігін тағы да қайталап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

15 жастағы Эдгар Маме­дов 11 турдан 8 ұпай жинап, 16 жасқа дейінгі (O16) жас­өспірімдер арасында алтын медаль еншіледі. Сауат Нұрғалиев үндістандық Ваза Этанмен тең ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

14 жасқа дейінгі (O14) жас­өспірімдер санатында Ақыл­жан Мейірханұлы 9-орынға, 18 жасқа дейінгі (O18) бозбалалар арасында Алдияр Аңсат 8, Даниял Сәпенов 19-орынға жайғасты.

Қыздар сайысында 14  жас санатында (G14)  бақ сы­на­ған Мария Холявко – 8, Хан­зада Аманжол – 14, Ақнұр Ма­мақова 17-орынды місе тұтты. 16 жасқа дейінгі (G16) қыздардың тартысында Зарина Нұрғалиева – 8, Елназ Қалиахмет 15-орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50