Медицина • 15 Қазан, 2025

20 миллион теңге қайтарылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талас ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 миллион теңге қайтарылды

Нақтырақ айтсақ, осы жылы ауданның 10 білім беру ұйымында 730 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, осылайша олардың кепілдендірілген медициналық көмекке құқығы шектелген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде мемлекетке аудан мектептеріндегі оқушылардың медициналық тексерулеріне бөлінген 20 млн теңге қайтарылды.