Саясат • Бүгін, 08:45

Дипломатия жемісі

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміз 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болған соң, біртіндеп аймақтық, әлемдік ұйымдардың құрамына ене бастады. Бірқатарына төрағалық та етті. Елшілік, консулдықтармен қатар халықаралық ұйымдарда тұрақты өкілдіктерін ашты. Дипломатиялық миссияларды орындап, бітімгерлік жолға өз алаңын ұсынды. Сондай-ақ еліміз – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.

Дипломатия жемісі

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Осыдан 10 жыл бұрын Қа­зақстан мен Еуропа одағы Кеңей­­тілген серіктестік пен ын­тымақтастық туралы келісімге қол қойды. Батыс елдерімен мұндай байланыс орнатқан еліміз – Орталық Азиядағы алғаш­қы мемлекет. Қазірге дейін осы құжат аясында экономика, инвес­ти­ция, энергетика, көлік, қорша­ған орта, ғылым, инновация, құқық секілді 29 бағытта нақты келісім­дер жасалған.

Бүгінде еліміз әлемнің 200-ге жуық елімен дипломатия­лық қарым-қатынаста. Барлық құрлықта өкілдіктері бар, Сырт­қы істер министрлігінің ақпа­ратына сәйкес, 75 елшілік, 33 консулдық тіркелген. 54 ха­лықаралық ұйым, қор, бағ­дарламалармен жұмыс істеп келе­ді. Оның ішінде 8 аймақтық ұйым  – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Экономикалық ын­тымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымы (ШЫҰ), БҰҰ Азия және Тынық мұхит аймағында бейбітші­лік және қарусыздандыру жөніндегі өңірлік орталығы, Есірткі құралдарының, психо­троптық заттар мен олардың прекурсоларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнін­дегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы, Орталық Азия менеджментті дамыту қоры, 11 ведомствоаралық және тақырыптық ұйыммен – Азияның Табиғи зiлзалаларды азайту жөнiндегі орталығы (АТЗАО), Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі сай­лау ұйымдастырушылар бірлес­тігі (ОШЕМСҰБ), Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО), Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынты­мақтастықты дамыту жөнiн­дегi халықаралық бірлес­тігі (INТАS), Халықаралық әлеу­мет­тік қамту бірлестігі (ХӘҚБ), Халықаралық суландыру және дренаж желісі комиссия­сы (ICID), Электртехникалық халық­­аралық комиссиясы (ЭХК), Қор­шаған ортаны қорғау жөнін­де халықаралық заң шығару кеңесі, Орталықпен Шығыс Еуропа, Еуразия аймағындағы энер­гетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығы (ERRA), Халықаралық статистика институты (ХСИ), Халықаралық әскери спорт одағы) байланыс орнатты.

Сондай-ақ 2024 жылы еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы, Аралды құтқару халықаралық қоры және Ислам азық-түлік қауіпсіз­дігі ұйымына төр­аға болды. Халықаралық валюта қоры, Ха­лықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банку секілді қаржы инс­титуттарымен байланыс орнады.

Жалпы, «Қазақстан Республи­касының Сыртқы істер ми­нистрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының Елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелер 1992 жылдың 2 шіл­де­сінде Президенттің Жарлы­ғымен бекітілді. Осы жылы егемен еліміздің Сыртқы саясат Концепциясы қабылданып, көпвекторлық қағидат принци­піне бағытталды.

Осылайша, еліміз отыз жыл­дан аса уақытта әлемдік қауым­дастықтың көшбасшысына айнал­ды. Әлемдегі геосаяси тұрақты­лыққа үлесін қосып, белгілі елдер арасындағы шиеленістердің шешімін табатын, жыл сайын түрлі дінбасыларын өз алаңына шақырып, біріктіруші мемлекет үлгісін көрсетіп келеді.