Фото: pinterest.com
Миллиардердің айтуынша, 2030 жылға қарай «бүгінгі телефон» ұғымының өзі жойылады. Оның орнына экранмен және дыбыстық байланыс құралдарымен жабдықталған, толықтай жасанды интеллектке сүйенетін құрылғылар пайда болмақ.
«Қазіргі телефон дегеніміз – жасанды интеллект бейнеанализ жүргізетін және байланысқа арналған радиомодульдері бар шекаралық түйін ғана. Болашақта сіздің құрылғыңыздағы ІІ сервермен тікелей байланысып, ойыңызды алдын ала сезетін деңгейге жетеді», деді Маск.
Сарапшылар мұндай технологиялық бетбұрыстың шындыққа айналуы үшін жаһандық инфрақұрылым мен этикалық нормаларды жетілдіру қажет екенін айтады. Дегенмен, Масктың пікірінше, адам мен машинаның арасындағы шекара барған сайын жойылып, ақпарат алмасу табиғи үрдіске айналады.