Абылайхан Жүзбай (скип), Әділ Жұмағожа, Айдос Алиар, Дмитрий Гарагул, Ибрагим Тастемір бастаған ерлер құрамасы Бразилия, Қытайдың Тайпейі, Гайана, Гонконг, Үндістан, Мексика, Нигерия, Пуэрто-Рико, Сауд Арабиясы, Таиланд құрамаларына қарсы сынға түсті. В дивизионында топтық кезеңде 9 команданы жеңіп тек бір қарсыласынан ғана жеңіліп 2-орынды місе тұтты. Ал жартылай финалда Гайанадан 10:7 есебімен басым түссе, финалда Гонконгқа 9:10 есебімен есе жіберді.
А дивизионындағы 9 елдің арасында еліміздің әйелдер құрамасы да бар. Ангелина Эбауер (Скип), Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Пеняева, Кристина Рахманова сынды ұлттық құрама ойыншылары Бразилия, Қытайдың Тайпейі, Гонконг, Филиппин, Пуэрто-Рико, Таиланд елінің командаларымен тартысты. Топтық кезеңде 4 мәрте жеңіп, 2 рет жеңіліп жалпы есепте 2-орынға ие болды. Жартылай финалда Пуэрто-Риконы 11:4 есебімен ұтқанымен, финалда Филиппинге 2:11 есебімен жол берді.