Заң мен Тәртіп • Кеше

Алимент төлемеген соң түрмеге отырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын бақылауға алып, нақты шаралар қабылдап жатыр. Нәтижесінде бірнеше борышкерге қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.

Алимент төлемеген соң түрмеге отырды

Фото: pinterest.com

Прокуратураның бастамасымен биыл 38 борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы («Алимент төлеуден әдейі жалтару») бойынша істер сотқа жіберіліп, барлығына қатысты сот үкімдері шықты. Бұл – республика бойынша осындай санаттағы істердің 9 пайызына тең көрсеткіш.

Соңғы сот үкімімен 4 миллион теңге алимент берешегі бар азамат кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қаратау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемеген жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертті.

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.