Елорда • Кеше

Астанада белсенді өмір салтын қанша зейнеткер ұстанады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас шаһардың Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 25 түрлі бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 17 мыңнан астам зейнеткер аталған орталықтардың қызметін тұрақты түрде пайдаланса, биыл 4 090 зейнеткер тіркеліп, қызмет ала бастаған, деп жазады Egemen.kz.

Астанада белсенді өмір салтын қанша зейнеткер ұстанады?

Фото: Қала әкімдігі

Осы жылдың өзінде орталық 13 721 зейнеткерге 444 216-дан астам әлеуметтік қызмет көрсеткен. Күн сайын орталықтың 6 аудандық бөлімшесіне 2 500-ден астам адам келіп, белсенді өмір салтын жалғастырып жүр, ең белсенді қатысушылар – әйел зейнеткерлер. Мысалы, еңбек терапиясына 733 адам, тігін әліппесіне 248 адам, арт-терапияға 734 адам, ал құм терапиясына 248 адам қатысқан.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, сонымен қатар зейнеткерлер өз қызығушылықтарына қарай 25-тен аса түрлі клубқа қатыса алады. Атап айтқанда: «Атадан балаға аманат», «Зияткерлік ойындар», «Speaking English», «Оқу және поэзия клубы», «Күміс еріктілер», «Хор және вокал», «Волейбол», «Үстел теннисі», «Гитарада ойнау», «Домбыра үйрену», «Домбыра оркестрі», «Караоке», «Кілем тоқу», «Ұршық иіру», «Салауатты өмір салты», «Компьютерлік сауаттылық», «Тіл шаңырағы», «Әжелер 80+», «Киім үлгілерін көрсету» және тағы басқа клубтар бар. Сондай-ақ, сауықтыру бағытында Цигун, кун-фу және би секілді қозғалыс белсенділігін арттыратын клубтар жұмыс істейді.