Спорт • Кеше

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы жарысқа қашан шығады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы Спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы жарысқа қашан шығады

– Олимпиададан кейін мансабымды аяқтаймын деп айтқан жоқпын әрі қарай күресті жалғастырамын дегенмін. Қазір жарақаттан кейін қалпына келу кезеңіндемін. Иығыма ота жасалды, енді толық жазылуын күтіп отырмыз. Егер бәрі жоспарға сай болса, желтоқсан айынан бастап жаттығуды бастаймын. 2026 жылы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын, бірақ әзірге нақты қай турнирге және қай уақытта шығатыным белгісіз, – деді Сметов.

Спортшының айтуынша, жарыстарға қатысу жарақаттың жағдайына, жаттығу үдерісіне және спорттық бабына байланысты болады.